Бүгіннен бастап Астана қаласында қалалық қоғамдық көлікке арналған бөлек жолақтар іске қосылады. Бұл туралы Baq.kz Астана қаласы ІІД-інің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Бүгінгі таңда Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы, «Астана ЛРТ» ЖШС «СМЭУ-Алматы, Астана» ЖШС мердігерлік компаниясымен бірлесіп қолданыстағы ҚР Жол жүрісі ережесінің талаптарына сәйкес жол таңбаларын қою және жол белгілерін, ақпараттық паноларды орнату жұмыстарын бастады.
Астана қаласының қалалық қоғамдық көліктің қозғалысы үшін белгіленген жолақты іске қосу арқылы жүргізушілердің тәртібі артады, қоғамдық көліктің жылдам жүруіне ықпал етеді.
Еске салайық, бұған дейін автобустарға арналған жолақтар Астанада да пайда болатынын айтқан едік.