Астана полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топты ұстады. Оның құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері бар. Олар "бірнеше ауыр қылмыс жасады" деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Эпизодтардың бірінде қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жергілікті тұрғыннан 5 миллион теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлікті иемденген.
Басқа жағдайда банктердің бірінің іргелес аумағында олар 6 миллион теңгені ашық түрде тонап кеткен. Қылмыстық топтың барлық қатысушысы қамауға алынды.
"Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқықбұзушылықтарға қатыстылығын тексеру жүзеге асырылып жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лес