- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада бірнеше жол...
Астанада бірнеше жол учаскесі уақытша жабылады
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы үш көшеде жөндеу жүргізіп жатыр. Осыған байланысты жол учаскелері уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Жөндеу жұмысы Астана Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ардагерлер көшесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселіп жатыр. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысы шектеледі.
Сондай-ақ, Таскескен көшесінің Обаған көшесінен С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде. Мұнда қозғалыс 22-25 мамыр аралығында жабылады.
Сол сияқты Бекетай көшесінде Тілендиев даңғылынан А.Затаевич көшесіне дейін орташа жөндеу жұмысы басталды.
Бұл учаскелерде көлік құралдарына арналған қозғалыс 22-23 мамыр аралығында толығымен шектеледі.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек