Астанада бірнеше автобустың қозғалыс кестесі өзгерді

Астанада бірнеше автобустың қозғалыс кестесі уақытша өзгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі City Transportation Systems ЖШС мәліметіне сілтеме жасап.

"Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №8, 32, 49, 54, 120 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді", - делінген хабарламада.

Өзгерген қозғалыс сызбасын суреттен көре аласыздар. Сапарды алдын ала жоспарлау сұралады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!