Астанада бірқатар көше ішінара жабылады

Астанада бірқатар көше ішінара жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жұлдыз" айналымынан Мәңгілік ел даңғылына дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылындағы жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіледі.

"Осыған орай 10-15 шілде аралығында бұл учаске ішінара жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, М.Төлебаев көшесінен Өзбекәлі Жәнібек көшесіне дейінгі учаскеде, Р.Қошқарбаев даңғылындағы жолда кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстарды мердігер ұйым кепілдік міндеттемелеріне сәйкес өз мойнына алады.

"Сондықтан 10-11 шілдеде осы учаске ішінара жабылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!