Әлеуметтік желіде Астанада "Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері" соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Kozachkov offside Telegram-каналының мәліметінше, кеше, 21 қаңтарда бес ер адам BMW 7401 көлігімен ЕРОП ескі ғимаратына келіп, арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасап, олардың денсаулығына зақым келтіріп, кетіп қалған.
Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсінік берді.
"Полиция департаменті алған факті бойынша қылмыстық іс қозғады, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лес