Астанада бір көшеде қозғалыс төрт күнге шектеледі

Астанада бір көшеде қозғалыс төрт күнге шектеледі
Фото: depositphotos.com

Астанада Ш.Айтматов көшесінің бір бөлігінде қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елорда әкімдігі мәліметінше, Ж.Молдағалиев көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде, Ш.Айтматов көшесінде жолдың жоғарғы қабаты төселеді.

"Осыған байланысты 25-29 тамыз аралығында осы учаскедегі қозғалыс ішінара жабылады. Көлік қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағытын жоспарлап, өзгерістерді ескеруді сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.

Сурет: Астана әкімдігі

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget