Астанада бір көшеде қозғалыс шектеледі

Астанада С.Нұрмағамбетов көшесінің Ш.Қалдаяқов көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралығында орташа жөндеу жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, 15-17 қыркүйек аралығында осы учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

"Көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағытын жоспарлауды, өзгерістерді ескеруді сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.

Сурет: Астана әкімдігі 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!