Астанада бір көше үш күнге жабылады

Астанада бір көше үш күнге жабылады
Фото: depositphotos.com

Астанада бір көше үш күнге жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қорғалжын тасжолынан Ш.Қосшығұлұлы көшесіне дейінгі учаскеде Ш.Айтматов көшесі бойынша жол төсемінің жоғарғы қабаты төселеді.

"Осыған байланысты 23-26 қыркүйек аралығында бұл учаске ішінара жабылады. Жұмыстар Қорғалжын тасжолынан Ш.Қосшығұлұлы көшесіне қарай жүргізіледі. Қозғалыс Ш.Қосшығұлұлы көшесінен Қорғалжын тасжолына қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылады", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget