Астанада бір көше он шақты күнге ішінара жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, Ш.Айтматов көшесінде Қорғалжын тасжолынан Ш.Қосшығұлұлы көшесіне дейінгі учаскеде жол жамылғысына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"Сондықтан 10-22 қыркүйек аралығында осы учаскеде көлік қозғалысы кезең-кезеңімен ішінара шектеледі. Сонымен қатар, екі бағытта жолдың бір жағымен көлік қозғалысы ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден осы өзгерістерді ескеруді сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова