Астанада жедел жәрдем қызметкері бір ажалдан аман қалды. Шақыртуға келген фельдшерге ішімдікке сылқия тойып алған үйдің иесі тамағына пышақ тақап, қоқан-лоққы көрсеткен. Ал алғашқы көмекті "күйеуімнен зәбір көрдім" деген әйел шақырыпты. Отбасының шырқын бұзып, дәрігерлерге соқтығысқан 25 жастағы Астана тұрғыны бірден ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Бізге сағат түнгі 12-ден өте көп шақырту келіп түсті. Әйелі шақырған, ұрды деп. Ол үйіне деп түсті. Шақыртуды қабылдадым, бес минутта бардым. Күйеуінің ішіп алғандай көрінді. Мен сұрадым, "көмек қажет пе" деп. Ол керек деп кіргізді де, науқас маған пышақ тақады", - дейді фельдшер.
Фельдшерлер бүгінде "мәртебіміз құқықтық жағынан қорғалмаған" деп отыр.
"Біз шақыртуға барған кезде тек сол шақыртуға қатысты қосымша ақпарат беріледі. Жарақат алды деп беріледі. Нақты қауіп-қатерін 103 линиясында бағалау мүмкін емес. Сол үшін біз көзсіз оқиға орнына барамыз. Бізде заң жағынан қарастырылмаған ,қауіпсіздік заттарын алып жүруге. Біздің мемлекетте қорғалмаған. Мысалы, Израиль мемлекетіне барғанда көргеніміз, олардың жедел жәрдем көліктері брондалған", - дейді Астана жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары Бота Сәдетхан.
Еске салайық, бұған дейін Астанада фельдшерді пышақпен қорқытып, оған физикалық күш көрсеткен және ер адамға үкім шыққан еді. Ол сонымен бірге уақытша ұстау камерасының кезекші бөліміндегі едендегі кафельді сындырып, терезеге лақтырып, әйнекті қиратқаны үшін де кінәлі деп танылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!