Астанада бойжеткен сегізінші қабаттан секірмек болды. Оқиға видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана полиция департаментінің хабарлауынша, 16 тамыз күні сағат 14:50 шамасында 102 арнасына тұрғын үй кешендерінің бірінің сегізінші қабатының балконында төменге секірейін деп тұрған қыздың тұрғаны туралы хабар жеткен.
Қоңырауға патрульдік полиция қызметкерлері: капитан Марат Холдарбеков пен аға лейтенант Абзал Қадыров барған. Олар қызды балконның сүйенішінен тапқан. Тәртіп сақшылары оны ұстап алып, қайғылы оқиғаның алдын алды.
Бойжеткеннің мас болғаны белгілі болды. Оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!