- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада боран: әкімдік...
Астанада боран: әкімдік елорда тұрғындарына үндеу жасады
Қысқы кезең басынан бері елорда көшелерінен 800 мың текше метрге жуық қар шығарылды, бұл - шамамен 60 мың жүк рейсі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Демалыс күндері қалың қар жауды. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 31 желтоқсанда елордада қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 20 метр, кей жерлерде секундына 28 метрге жетеді.
Тұрғындардың ыңғайлы жүріп-тұруы үшін коммуналдық қызметтер тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті.
Түнгі ауысымға сағат 18:00-ден бастап Астана көшелеріне 1000-нан аса арнайы техника мен 300-ге жуық жол жұмысшысы шықты.
Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар жүк көліктерінің нөмірлерін оқу жүйесімен жабдықталған. Ол жерде бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарын жолда аса сақ болуды, жол қозғалысы ережелерін сақтауды және ұзақ сапарға шықпауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек