Астанада туристік полицияның екі қызметкері блогермен бірге түскен видеодан кейін жұмыстан шығарылды. Кадрда ер адам полицей қыздардың бірін көтеріп алып, айналдырып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана полиция департаменті қызметкерлердің міндетін атқару кезінде әдеп нормалары мен полиция қызметкеріне қойылатын мінез-құлық талаптарын бұзғанын мәлімдеді.
"Қызметтік міндет атқарып жүргенде және форма киіп жүргенде мұндай әрекетке жол берілмейді. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықты сақтап, қызметтік әдептен аспауға тиіс", - деп хабарлады департамент.
Қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан босатылды.
Еске салайық, бұған дейін мысырлық тревел-блогер Ахмед Хаггагович Астанада полиция қызметкерлерімен видео түсірген болатын, оны кейбір қазақстандықтар ерсі деп санады. Блогер екі полицей қызбен бірге билеп, олардың бірін көтеріп, айналдырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!