Астанада блогер Ерболат Жанәбіловтің әйелі Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі басталды. Ол сотқа адвокаттармен бірге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот отырысы елорданың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.
Сотқа блогер Эльмира Төлегенованың өзі, ерлі-зайыпты адвокаттар - Олег пен Анна Черновтер келді.
Бұған дейін блогерлер Instagram-да 11 көлік ойнатылатынын жариялаған болатын. Шарты қарапайым көрінген, репост жасау ғана. Алайда 21 тамызда оқырмандар тікелей эфирдің орнына құны 30 мың теңге тұратын Zhana Business ақылы курсының сілтемесін көрген. Конкурсқа тек курсты сатып алғаннан кейін қатысуға мүмкіндік берілетіні белгілі болды. Бұл жұрт арасында наразылық тудырды.
Кейінірек Жанәбіловтер ұйымдастырған даулы конкурс сотқа жетті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!