- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада білім орталығының...
Астанада білім орталығының ноутбуктерін алаяқтық жолмен иеленген күдікті анықталды
Астанада білім орталығының ноутбуктерін алаяқтық жолмен иеленген күдікті анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданы ПБ қызметкерлері алаяқтық жасаған 22 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Тергеу барысында жігіттің білім орталығынан үш ноутбукты заңсыз иеленгені анықталды.
Жігіт менеджер болып жұмысқа орналасып, төрт айға жуық жұмыс істегеннен кейін сенімге кіріп, пайдалануға арналған құрал-жабдықтарды алып, кейін ол гаджеттерді ломбардқа тапсырған. Келтірілген шығын шамамен - 700 мың теңге.
Түскен қаражатты ол өз қалауы бойынша пайдаланған. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина