Астанада бизнес орталықта өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нұра ауданы Нарықбаев көшесіндегі 10 қабатты бизнес орталықтың 7-10-қабаттарының аралығындағы сыртқы қаптама жанған.
"Жедел жеткен құтқарушылар өрт ғимараттың ішіне таралуына жол бермей, өртті тез арада сөндірді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін адамдар бизнес орталықтан өз бетінше далаға шыққан", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!