Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірігіп ұйымдастырылған «Қазақстанда іскерлік климатты жақсарту бойынша реформалар» екі күндік семинар өтті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Семинарға мемлекеттік органдар, Дүниежүзілік банк, Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Өскемен, Шымкент, Павлодар және Қостанай қалалары әкімдіктерінің өкілдері белсенді қатысты. Іс-шара барысында Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуда бар кедергілер мен проблемалар арасында пікір-талас туындады.
Семинарды өткізу мақсаты Қазақстанның Дүниежүзілік банктің Бизнесті жүргізу рейтингісінде позицияларын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан реформаларды және «Кәсіпорындарды ашу», «Меншікті тіркеу», «Құрылысқа рұқсат алу» және «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторлары бойынша Бизнесті жүргізудің қосалқы ұлттық рейтингісінің шеңберінде өңірлерге жүргізілген сауалнама нәтижелерін талқылау болды.
Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша баяндамалармен ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева, Дүниежүзілік банктің сарапшылары Вилкин Жульен және Траорэ Муса сөз сөйледі.
Семинарда орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің Doing Business рейтингісінің он индикаторы бойынша жүргізілген реформаларын түсіндіру, сондай-ақ Экономикалық зерттеулер институты өкілдерінің Қосалқы ұлттық рейтингтің индикаторлары бойынша зерттеудің әдіснамалық бөлігіне жасалған шолу бойынша баяндамалар ұсынылды.