Астанада бейтаныс әйелді қорлаған шетелдік елден қуылатын болды

Астанада сот қаулысымен шетелдік азамат әдепсіз мінез-құлқы үшін қамаққа алынып, кейін елден шығарылатын болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қоғамдық орында әдепсіз мінез-құлық көрсеткені (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) және шетелдiктiң ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігі) құқық бұзушы К.-ға қатысты 2 істі қарады.

Істің мән-жайы бойынша К. қоғамдық орында болған кезінде бұрын таныс еме әйелге қатысты әдепсіз мінез-құлық көрсеткен.

Сонымен қатар, құқық бұзушы құрылыс алаңында рұқсатсыз жұмыс істеген.
Құқық бұзушы өз әрекеттерімен қоғамға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзды.

Санкция:
ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға;
ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салу не 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу не ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.

Жасалған құқық бұзушылықтардың мән-жайлары іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалармен, полиция қызметкерінің баянатымен және бейнежазбалармен расталды.

Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі және 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Құқық бұзушы К.:

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды; ӘҚБтК-нің 517-бабының 1-бөлігі бойынша ҚР шегінен шығарылды.

Сот әкімшілік жаза шараларын қоғамға теріс әсер ететін және қоғамды құрметтемеуге бағытталып жасалған әрекеттердің дәрежесі мен сипатын ескере отырып тағайындады. Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!