Астанада 10-15 қыркүйек аралығында Хусейн бен Талал көшесі мен әл-Фараби даңғылы қиылысында көлік қозғалысы толық жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, осы учаскеде мердігер ұйым инженерлік желілер және жол төсемі бойынша жұмыс істейді.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағытын жоспарлауды және өзгерістерді ескеруді сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Сурет: Астана әкімдігі
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова