Астанада белгісіз біреулер ЛРТ вагондарын бүлдіріп кеткен

Желіде Назарбаев әуежайындағы бекетте тұрған ЛРТ вагондарының суреттері пайда болды. Вагондардың сыртына граффити салынған. City Transportation System компаниясы жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство вагондардың сыртына рұқсатсыз граффити салу дерегі тіркелгенін растады.

"Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді СTS өкілі.

Вагондардағы граффити өшіріле бастаған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!