Астанада БДСМ-студия табылды: полиция видео жариялады

Астанада БДСМ-студия табылды: полиция видео жариялады
Фото: Видео кадры

Астанада полиция заңсыз студияның қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Стоп трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Астана полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елордадағы сол жағалауда орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің жертөлесінде жұмыс істеген студияның қызметін тоқтатты.

Бұл орын интернет желісінде жарияланған арсыз жарнама арқылы әшкереленді. Бұл дерек бойынша нысан иесі анықталып, заңда белгіленген тәртіппен тексеру жүргізіліп, жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр.

Мұндай орындар қоғамның моральдық құндылықтарына, мәдени мұрасына айтарлықтай қатер төндіреді. Әсіресе елорда - рухани әрі мәдени дамудың үлгісі болуға тиіс қала. Азғындыққа құрылған жалған "көңіл көтеру" түрлерінің таралуы жастарға кері әсерін тигізеді.

Полиция халықты арсыздыққа итермелейтін, қоғамдық мораль қағидаларына қайшы кез келген әрекет қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget