Балконда дәрет сындырған астаналық 5 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ер адам подъездегі балконда дәрет сындарған. Оның әрекеті видеоға түсіп қалған.
Қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамды учаскелік полицейлер ұстаған.
"Бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен 42 жастағы ер адам бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, әкімшілік қамауға алынған адамдар үшін арнайы қабылдағышқа орналастырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!