Астанада Қазақстан футбол федерациясы орталығында 9 жастағы баланың басына футбол қақпасы құлап кеткен. Полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"9 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлаған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаттығу кезінде бала футбол қақпасына асылып тұрғаны, салдарынан құрылым оның үстіне құлағаны анықталды. Бала жарақат алған, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп жауап берді Астана ПД өкілі.
Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайы әлі де ауыр екенін хабарлады.
"Бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қарқынды терапия жүргізіліп, бала толық көлемде медициналық көмек алып жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!