- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астаналық алаяқ
Астанада баланы беделді мектепке қабылдауға көмектесемін деп уәде берген алаяқ ұсталды
Астанада алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті тұрғын белгісіз азаматшаның алаяқтық әрекетінен материалдық шығын көргені туралы полицияға хабарласқан. Жәбірленуші өзінің баласын беделді оқу орнына түсіруді ұйғарып, достары арқылы оған көмектесуге уәде берген әйелмен танысқан.
Жаңа досы өзінің қызметі үшін жарты миллион теңге сұрады. Алайда арызданушының айтуынша, алаяқ бірнеше айдан кейін уәдесін орындауды тоқтатқан. Әйел өзінің алданғанын түсініп, ішкі істер органдарына арыз жазған.
Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жолмен ақша алған 43 жастағы күдіктіні анықтады.
Оның білім беру жүйесіне ешқандай қатысы жоқ, ол жәбірленушінің шамадан тыс сенімділігін пайдаланған.
Қаскүнем мойындау айғағын берді. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина