- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада балаларының көзінше...
Астанада балаларының көзінше жүкті әйелін ұрған ер адам 10 тәулікке қамалды
Астана тұрғыны балаларының көзінше жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамалды. Ол жұбайын бұған дейін де ұрғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, астананың 36 жастағы тұрғынынан оны жұбайы ұрып-соққаны туралы шағым түскен.
42 жастағы ер адам үйінде кәмелетке толмаған екі баланың көзінше жұбайына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, оны ұрып-соққаны анықталды.
"Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан