- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада балаға көлік...
Астанада балаға көлік тізгінін берген тұрғын 172 мың теңге айыппұл төледі
Астанада кішкентай балаға көлік айдатқан тұрғын жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін Telegram-арналардың бірінде Астанада жол талғамайтын көлікті кішкентай бала тізгіндеп келе жатқан видео тараған болатын. Артынша көлік жеңіл көлікке соқтығыса жаздаған.
Полицейлер 45 жастағы көлік иесін анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 612-баптың 5-бөлігі бойынша "Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Астана тұрғынына 50 АЕК (172 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина