Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды. Бала терезеден құлап кетті. Бұл оқиғаға қатысты қала полициясының баспасөз қызметі өкілі пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Тілендиев даңғылындағы үйлердің бірінде бала терезеден құлап кеткені туралы ақпарат тарады.
"Тілендиев даңғылында алты жастағы бала 13-қабаттан құлап кеткені тіркелді. Оқиға кезінде ересектер асүйде болған, ал бала бөлмеде қараусыз қалған. Ол балкон терезесінен құлап, оқиға орнында көз жұмды", - деді полиция.
Еске салайық, бұған дейін Степногорск қаласында 5 жасар бала терезеден құлап қаза тапты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!