- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада бақылаушы учаскеден...
Астанада бақылаушы учаскеден шығарылды
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Астанада бақылаушы сайлау учаскесінен шығарылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де орналасқан №2 сайлау учаскесінде байқаушы Р.Садықов "Еркіндік қанаты" ҮЕҰ-ның өкілі ретінде сайлау процесін бұзды. Ол жеке мәліметтер көрсетілген сайлаушылар тізімін видеоға түсірген, бұл – ережені өрескел бұзу. Жеке деректерді қорғау туралы заңнама "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қайшы келеді", – деді учаскелік комиссия төрағасы Хорлан Ташатова.
Сонымен қатар Садықов басқа бақылаушылардың жұмысына кедергі келтіріп, комиссия мүшелерімен дауласып, тәртіпті бұзып, дауыс беру процесін қиындатқан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек