Астанада айналма жолда соқтығысу салдарынан жүк көлігі өртенді. Полиция департаменті өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, 8 шілдеде Iveco жүк көлігінің жүргізушісі айналма жолмен келе жатып, дөңгелегі зақымдануы салдарынан тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде ақауға байланысты тұрған Man жүк көлігіне соғылған.
Соққыдан Man көлігі инерциямен металл қоршауға соғылған. Ал Iveco жүк көлігі жол апаты салдарынан өртенген.
"Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полиция.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова