Астанада әйелдің үстіне қаптама тақтайшасы құлап кеткен

Астанада әйелдің үстіне қаптама тақтайшасы құлап кеткен
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде астаналық тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт маңында тұрған әйелдің үстіне қаптама тақтайшасы құлап кеткені туралы ақпарат тарап жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Бұқар жырау тұрғын үй кешенінде болған.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар ақпаратты растады.

"27 қыркүйекте жедел медициналық жәрдем бригадасы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға 1978 жылы туылған әйелді жеткізді. Дәрігерлер тексерісінен кейін зардап шегушінің миы шайқалғаны анықталды. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа, тұрақты", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Астана полиция департаменті пікір білдіруге уәде етті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек