Астанада түн ішінде көлік ұрлаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Байқоңыр ауданының полиция басқармасына қала тұрғыны өтініш білдіріп, Seat Toleda маркалы көлігі ұрланғанын хабарлады.
"Үйіне келгеннен кейін ер адам көлікті жақын маңдағы аулаға қойған. Ал кілтті қалдырып кеткен. Елордалық полицияның жеке құрамы ұрланған көлікті іздеуге және ұрыны ұстауға жұмылдырылды. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер оқиғаға елорданың 32 жастағы тұрғынының қатысы барын анықтады. Бейнебақылау камераларын қарау арқылы полицейлер ұрының ізіне түсті", - деп жазылған хабарламада.
Көлік Кравцова көшесіндегі аялдама маңынан табылды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция азаматтарға көліктен шыққан кезде қырағы болуға, есіктер мен терезелерді жауып, көлікте кілтті қалдырмауға кеңес береді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!