Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторына аяқкиіміне ақша жасырып өтпек болған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
11 шілдеде Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторына қамауға алынған ер адаммен кездесу үшін қоғамдық қорғаушы ретінде келген әйелдің аяқкиімінен 10 және 20 мың теңге табылған. Осылайша, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған өнімдерді, бұйымдар мен заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілген.
"Ж. есімді әйел тәркіленген ақша оған тиесілі екенін және оларды қалдыратын жері болмағанын айтты", - делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған.