- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада әйел тергеу...
Астанада әйел тергеу изоляторына аяқкиіміне ақша жасырып өтпек болған
Фото:
Polisia.kz
Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторына аяқкиіміне ақша жасырып өтпек болған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
11 шілдеде Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторына қамауға алынған ер адаммен кездесу үшін қоғамдық қорғаушы ретінде келген әйелдің аяқкиімінен 10 және 20 мың теңге табылған. Осылайша, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған өнімдерді, бұйымдар мен заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілген.
"Ж. есімді әйел тәркіленген ақша оған тиесілі екенін және оларды қалдыратын жері болмағанын айтты", - делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған.
Ж. Қадыржанова