- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада әйел іш...
Астанада әйел іш киіміне ақша салып, тергеу изоляторына кіргізуге тырысқан
Астанада әйел ақшаны іш киіміне салып, тергеу изоляторына кіргізуге тырысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Елорданың тергеу изоляторының қызметкерлері тергеудегі кісіге жеті мың теңге сомасында ақшалай қаражатты беру дерегінің алдын алды.
Астананың тергеу изоляторында отырған ұлына кездесуге келген Түркістан облысының тұрғынын тексеру кезінде емшекқаптан жеті мың теңге көлемінде ақша табылып, тәркіленді.
Дерек бойынша сауалнама жүргізу кезінде азамат аталған қаражатты сақтау ұяшығына салуды ұмытып кеткенін түсіндірді.
Осы оқиғаға байланысты әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабында көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін "ҚАЖ мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру" әкімшілік хаттама жасалды.
"Еске салайық, қолданыстағы заңнамаға сәйкес күдіктілер мен айыпталушыларға заң талаптарына сәйкес сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды және тамақ өнімдерін алып жүруге тыйым салынады. Сондай-ақ оларды, соның ішінде қолма-қол ақшаны сақтауға және пайдалануға тыйым салынады. Күдіктілер мен айыпталушыларға тыйым салынған заттарды тексеруден жасыру немесе беру, белгіленген ережелерге қарамастан, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады", - деді тергеу изолятордың бастығы Санат Рамазанов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә