Астанадағы жекеменшік клиникада 59 жастағы әйел мұрын қалқасын түзету бойынша жасатқан отадан кейін қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтаудың 59 жастағы тұрғыны 3 маусымда септоринопластика бойынша жоспарлы отадан кейін қайтыс болған.
Марқұмның ұлының айтуынша, отаны бұған дейін 22 жастағы қызға риносептопластика жасаған дәрігер жүргізген. Бұған дейін 22 жастағы қыз комаға түскені айтылған еді.
Алматы аудандық Полиция басқармасы әйелдің өлімі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ал марқұмның ұлы бұл іс Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатқанын нақтылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!