Астанада құтқарушылар суға батып бара жатқан итті құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 қаңтарда таңғы сағат 9.22-де елордалық ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Кенесары көшесі маңындағы Есіл өзенінде ит суға батып бара жатқаны туралы хабарламаға байланысты шыққан.
Ведомство мәліметінше, әйел итпен серуендеп жүрген, бір кезде өзенге жүгіріп шығып, мұз астына түсіп кеткен. Иттің соңынан үй жануарымен бірге серуендеп жүрген әйел жүгірген, бірақ құтқару әрекеті сәтсіз аяқталып, әйел өзі де суға бата бастаған. Осы уақытта сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам құтқарушылар келгенге дейін әйелді құтқарып қалған.
ТЖД бөлімшелері келген кезде ит әлі де суда болған, құтқарушылар дереу итті судан шығаруға кіріскен. Құтқару операциясы сәтті аяқталып, ит иесіне табысталған. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!