- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада әйел екі...
Астанада әйел екі жасар сәбиді өлтірді деген күдікке ілінді
Фото:
depositphotos.com
Әлеуметтік желіде елордада бала күтушінің екі жасар сәбиді өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Бала тұншығып көз жұмды деп болжанып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Алайда бала күтуші туралы ақпаратты нақтылаған жоқ.
"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті әйел ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан