Астанада 27 жастағы әйел мен екі жасар бала қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, 27 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап мерт болған.
"Құлаған кезде ол екі жасар бала отырған арбаның үстіне түскен. Алған жарақаттарынан сәби көз жұмды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Полиция тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz