Астанада аялдамадан өтіп кеткен автобусқа ашуланған тұрғын жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияға автобустардың бірінде жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші кабинасын салоннан бөліп тұрған әйнекті сындырғаны туралы хабарлама түскен.
Тексеріс барысында күдікті 44 жастағы ер адам екені анықталған. Полицияның мәліметінше, жанжалға автобус аялдамаға тоқтамай, өтіп кетуі себеп болған.
"Осыған байланысты жолаушы жүргізушімен сөзге келіп, кейін ашуға бой алдырып, жүргізуші кабинасын салоннан бөліп тұрған әйнекті жұдырығымен ұрып, сындырып жіберген. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен оған 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттелді", - деді Астана ПД өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!