Астанада адамдардың үстіне құлаған аялдаманы орнатқан мердігерге қатысты тергеу жүргізілмек. Бұл туралы Алматы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Аялдаманы жөндеу жұмыстары желтоқсанның 8-іне дейін жүргізіліп, оған жаңа әйнек қойылады. Жұмыстың ақысын мердігер төлейді.
"Қалпына келтіру жұмыстары мердігердің есебінен жүргізіледі. Сондай-ақ мердігерге қатысты тергеу амалдары жүргізілмек. Сонымен қатар онымен келісімшартты бұзу мәселесі қаралып жатыр", - деп хабарлады аудан әкімдігі.
Әкімдіктегілер зардап шеккендермен байланысып отырғанын хабарлады. Мердігер зардап шеккен ерлі-зайыптыға өтемақы төлейтін болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!