Астанада аяқасты болған отырыстың арты ұрлыққа айналды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кешкі уақытта масаң күйде болған жәбірленуші аулаға шылым шегуге шығып, сол жерде алкогольдік ішімдік ішкен ер адамды кездестірген.
Кеші көңілдірек болады деген оймен, жаңа танысын бірге сыра ішуге шақырған. Олар бірге жақындағы дүкеннен құйылмалы сыра алып, жәбірленушінің пәтеріне барған.
Бірлесіп алкогольдік сусын ішіп, қайтар кезде қонақ үй иесінің «Samsung» маркалы ұялы телефонын ұрлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында «Сарыарқа» ауданы ПБ АПБ полиция қызметкерлері ұялы телефонды ұрлап, оны сөндіріп тастаған 27 жастағы ер адамды анықтады.
Полицейлер заттай айғақты тәркілеп, иесіне қайтарды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!