Астанада құтқарушылар жеңіл көліктердегі өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, Сарайшық ауданы А.Байтұрсынұлы көшесінде тұрғын үй кешені маңындағы автотұрақта бес жеңіл көлік өртенген.
Құтқарушылардың алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде көліктердің барлығы жанып жатқан.
"Қатты жел салдарынан жалын бір-біріне жақын тұрған көліктерге тез тараған. Оқиға орнына өртсөндірушілер 7 минут ішінде жетіп, өртті жедел сөндірді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді ТЖМ өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова