Астанада автобуста ұрлық жасаған адам видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаскүнем бұрын бірнеше рет сотталған қала тұрғыны болып шықты. Бүгінгі таңда ол ұялы телефондарды ұрлаудың төрт фактісіне қатысты күдікті деп танылды.
Тергеу барысында автобуста ер адам жақын тұрған әйелдің күртесінің сыртқы қалтасынан "VIVO" маркалы ұялы телефонын ұрлап, 150 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіргені анықталды.
Басқа жағдайда, сауда орталығының аялдамасында ол қала тұрғынының құны 179 мың теңге тұратын "SAMSUNG S10 Lite" ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары тұрғылықты жері бойынша оны ұстады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті мойындау көрсетпелерін беріп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!