Астанада жолаушы қоғамдық көлікте тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаменті мәліметінше, 52 жастағы ер адам автобуста аяғының астына насыбай қалдығын тастап, жолаушылардың ескертуін елемеген.
"Белгіленген нормаларды бұзу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Астана ПД өкілі.
Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова