Астанада автобуста бала кәмпитке қақалып қалған: арнайы жасақ қызметкері соңғы сәтте көмектесіп үлгерген

Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалып қалған баланың өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға қоғамдық көлікте болған. Жолда келе жатқан кезде балалар арбасында отырған сәби кенет кәмпитке қақалып, тыныс ала алмай қалған.

Жолаушылардың бірі жағдайды байқап, дереу көмекке ұмтылған. Ол баланы қолына алып, еңкейтіп, тыныс жолын ашуға бағытталған алғашқы көмек тәсілдерін қолданған. Көп ұзамай сәби тыныс ала бастаған.

"Баланың өміріне қауіп төнген сәтте кәсіби дағдысы мен тәжірибесін дұрыс қолданған азамат - Астана қаласы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Әлішер Жарқымбеков", - деді ІІМ өкілдері.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!