Астанада автобус пойызбен соқтығысты

Астанада автобус пойызбен соқтығысты
Фото: Видео кадры

Астанада Орман зауыты аумағындағы теміржол өткелінде автобус пойызбен соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана Полиция департаменті мәліметінше, 20 маусымда автобус жүргізушісі Тайбурыл көшесіндегі теміржол өткелінен өтіп бара жатып, келе жатқан локомотивке жол бермеген.

"Оқиға салдарынан автобус Hyundai көлігіне соғылды. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Бұл дерек бойынша автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл іс Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 607-бабы 3-бөлігі ("Теміржол өткелдерінен өту қағидаларын бұзу") бойынша тіркелген.

Енді автобус жүргізушісі 9 айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget