- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада автобус әйелді...
Астанада автобус әйелді қағып өлтірді
Астанада автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып өлтірді. Қайғылы оқиға бүгін қала орталығында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Кадрда бірнеше полиция көлігі қоршап алған автобус көрінеді. Оқиға күндіз Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Астана Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Мұндай өткелдерде қозғалысты реттейтін бағдаршам жоқ, ал ережеге сәйкес жүргізушілер жаяу жүргіншілерге жол беруі керек.
"102-ге Сығанақ көшесімен келе жатқан автобус жүргізушісі Тұран даңғылына оңға бұрылған кезде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы ақпарат түсті. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде жан тапсырды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова