- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада ауызсу тапшылығы...
Астанада ауызсу тапшылығы болуы мүмкін
Астанада ауызсу мәселесі 2026 жылға қарай шешіледі. Ал биыл тапсырылады деп жоспарланған сүзгі-сорғы станциясы келесі жылдың екінші тоқсанынан бастап жұмыс істейді. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, ол БҰҰ-ның алдағы 10 жылда су ресурстарының жаһандық тапшылығы болу мүмкін деген болжамын жеткізді. 2030-жылға қарай әлемде су тапшылығы 40 пайызға жетуі мүмкін. Елде ауызсу тапшылығын бірінші сезінетін: Атырау, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және Ақмола облысы.
"Елорда бойынша суға тапшылық сезіліп жатыр, оны өздеріңіз де білесіздер. Шамамен, тәулігіне 25 мың шаршы метр су тапшылығы байқалады. Қазір Астана әкімдігімен бірлесіп төртінші су сорғы станицясының құрылысын жоспарлау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек