Астанада әуежай маңында есек қараусыз жүрген, жануардың иесі жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
28 маусымда полиция қызметкерлері әуежай маңында қараусыз жүрген есекті анықтаған.
"Кейін оның иесі анықталды. Есек қала маңында орналасқан саяжай аумағынан өздігінен шығып кеткен. Бұл дерек бойынша 42 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полиция.
Полиция жануарларды бағу және жаю ережелерін сақтау қажет екенін ескертті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз